freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді бөліп төлеу тұтынушылық несие саналады

Құқық
Енді бөліп төлеу тұтынушылық несие саналады
Gov.kz

Қазақстанда банктен тыс рәсімделетін бөліп төлеу азаматтардың борыштық жүктемесін есептеу кезінде ескерілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазір банктер беретін бөліп төлеу тұтынушылық несие ретінде қарастырылып, есепке алынады. Алайда елде бұл нарық айтарлықтай кеңейіп, сатушылар мен түрлі банктік емес ұйымдар да бөліп төлеу ұсына бастаған.

«Бөліп төлеуді тек банктер ғана емес, сатушылар мен банктік емес ұйымдар да беріп жатыр. Сондықтан оларды реттеу алаңына енгізу қажет. Ең кемі бұл туралы мәліметтер Кредиттік бюроға түсуі тиіс. Қазір банк арқылы берілген бөліп төлеу есепке алынады, ал банктік емес түрлері реттелмейді және есепке кірмейді», – деді Баймағамбетов.

Қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөліп төлеуді толыққанды реттеу тетігін талқылап жатыр. Сарапшылардың пікірінше, жаңа талаптар енгізілсе, «оңай рәсімделетін» бөліп төлеулер де енді толыққанды қаржылық міндеттеме ретінде есептелуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу