freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді мүгедек азаматтарға арба мен балдақ жалға беріледі

Қоғам
Енді мүгедек азаматтарға арба мен балдақ жалға беріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арба және өзге де техникалық оңалту құралдарын жалға алып пайдалану, сондай-ақ оларды жөндеуге қайта тапсыру туралы ереже енгізілмек. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеп. 

Министрдің айтуынша, бұл ұсыныс техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруді мақсат етіп отыр. Қазіргі қолданыстағы жүйе қайтарымсыз негізде жұмыс істейді. Алайда Ертаевтың пікірінше, ол құралдардың нақты жағдайын, тозу деңгейін және жөндеу мүмкіндігін толық ескермейді.

«Осыған байланысты жаңа тетік енгізіледі. Техникалық құралдарды жалға беру және кейін қайтару жүйесі. Биыл маусым айынан бастап бұл жоба Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында сынақ ретінде іске қосылады. Қайтарылған техникалық құралдар сараптамадан өтеді, оның қорытындысына сәйкес жөндеу, ауыстыру, қайта пайдалану, жалға беру немесе есептен шығару туралы шешім қабылданады», — деді Аскарбек Ертаев 21 сәуірдегі Үкімет отырысында.

Техникалық оңалту құралдарына арбалар, балаларға арналған жүруге көмектесетін таянғыштар, Брайль жүйесімен жазуға арналған құрылғылар және басқа да жабдықтар жатады.

«Мысалы, мүгедектігі бар азамат техникалық оңалту құралының ауыстыру мерзімі аяқталғаннан кейін өтініш береді. Егер құрылғы пайдалануға жарамды деп танылса, ол техникалық қызмет көрсетуден (соның ішінде дезинфекциядан) өткізіліп, қайта айналымға жіберіледі», — деп түсіндірді министр.

Ақау анықталған жағдайда құрал жөндеуге жіберіліп, кейін қайта пайдаланылады. Ал жарамсыз деп танылған техникалық құрал есептен шығарылады, ал өтініш берушіге жаңасы тағайындалады.

Шенеуніктің айтуынша, мұндай қайтарымды модель техникалық оңалту құралдарын жеткізу мерзімін қысқартып, олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба 2026 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап іске қосылады.

Айта кетейік, Қазақстанда ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін маңызды өзгерістер ұсынылды. Мәжілісте депутаттар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге жаңа бастамаларды талқылап жатыр. Соның бірі – осындай аналарға 55 жаста зейнетке шығуға мүмкіндік беру.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу