Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еуро-2024: ширек финалистер анықталды

Спорт
Еуро-2024: ширек финалистер анықталды

2 шілдеден 3-іне қараған түні футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық матчтары аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдымен Румыния және Нидерланд құрамалары кездесті. Бастапқыда-ақ Нидерланд фаворит болған.

Мюнхендегі «Альянц-Аренада» өткен матчтың 20-минутында шабуылшы Коди Гакпо Нидерландты алға шығарса, 63-минутта Гакпо екінші голын соқты. Бірақ төреші VAR-ды көрген соң голды есептемей қойды. Есесіне 83-минутта шабуылшы Дониэлл Мален есепті еселесе, 90+3-минутта Мален дубль авторы атанды. Нидерланд 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Екінші ойында Түркия мен Австрия кездесіп, Анадолы елінің өкілдері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Түркиялық қорғаушы Мерих Демирал алғашқы минутта-ақ командасын алға шығарды. 59-минутта дәл осы Мерих Демиралдың баспен соққан добы қақпадан дәл табылды.

Араға жеті минут салып австриялық шабуылшы Михаэль Грегорич есеп айырмасымен қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді. Осылайша, Түркия Еуропа чемпионатының ширек финалисі атанды.

3 шілде күні Еуропа чемпионатының ширек финалдық матчтарының кестесі белгілі болды.

Ойын кестесі (Қазақстан уақытымен)

5 шілде

21:00: Испания – Германия

23:59: Португалия – Франция.

6 шілде

21:00: Нидерланд – Турция

23:59: Англия – Швейцария.

Фото: Instagram/euro2024

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу