Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еуро-2024. Украина құрамасы жарыстағы алғашқы жеңісіне жетті

Спорт
Еуро-2024. Украина құрамасы жарыстағы алғашқы жеңісіне жетті

Дюссельдорф қаласында (Германия) 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аясында Словакия-Украина матчы аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өте тартысты өткен ойын Украиналықтардың жеңісімен 2:1 есебімен аяқталды. Матчта бірінші голды украиналықтар жіберді, есепті 17-минутта «Славия Прага» командасының шабуылшысы Иван Шранц ашты. Бельгиямен ойында жеңіс голын дәл осы футболшы салып еді.

Бірақ 2-таймда Украина екі гол соғып, жеңісті жұлып алды. Украинаның Германиядағы алғашқы голын 54-минутта киевтік «Динамоның» жартылай қорғаушысы Николай Шапаренко болды. Ал 80-минутта «Валенсияның» шабуылшысы Роман Яремчук жеңіс голын соқты.

Айта кетейік, Словакия құрамасы Еуро-2024-ті сенсациямен бастады. Олар Е тобының фавориті Бельгия құрамасын 1:0 есебімен жеңіп кеткен еді. 

Ал Украина құрамасы турнирдің, керісінше, күтпеген жерден Румыниядан ірі есеппен жеңілді (0:3).

Фото: uefa.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу