Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Футбол: Қазақстан Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізбекші

Спорт
Футбол: Қазақстан Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізбекші

Футболдан Қазақстан құрамасы жақын күндері екі бірдей жолдастық матч өткізеді. Оның бірі – Өзбекстанның «Локомотиві» болса, екіншісі – Солтүстік Корея. Бұл туралы ҚФФ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды  Malim.kz.

Алғашқы ойын 14 ақпанға жоспарланған. Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Әли Әлиев шәкірттері ташкенттік командамен жабық режимде матч өткізеді. Басталуы – 20:00-де (Қазақстан уақытымен).

Ал, Солтүстік Корея футболшыларымен болатын матч 17 ақпанда сағат 19:00-де болады деп күтілуде. Ойын тікелей эфирден көрсетілуі мүмкін.

КХДР құрамасы – 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сонымен қатар, 2010 және 2012 жылдары АФК Шақыру кубогында жеңіске жеткен.

Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында 18 ақпанға дейін өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу