Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Головкин GGG сусыны шығатын зауытқа барды

Қоғам
Головкин GGG сусыны шығатын зауытқа барды

Қазақстанға келген даңқты боксшы Генадий ГОЛОВКИН Алматыдағы GGG сусынын шығаратын зауытқа барды. Бұл туралы спортшы instagram.com әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Алматыдағы GGG сусынын шығаратын зауытта болдық. Өндіріс күннен-күнге артып келе жатқанына қуандым. Компания сусынның сапасына назар аударып, табыстың 10% қайрымдылыққа бөледі екен. Бізідң жоспарымыз көп, команда жақсы. Мен бәрі оңды болатынына сенімдімін», - деп жазды чемпион.

Генадий Головкин өз атымен аталатын сусынды 2017 жылы шығарған еді. Сондай-ақ, бұған дейін америкалық "Jordan" спорттық киімдер бренді Головкиннің құрметіне арнайы киімдер үлгісін шығарған. Онда қазақтың ою-өрнегі мен боксшының жиі айтатын Big Drama Show сөзі және GGG таңбасы бейнеленген. Сонымен қатар, қазақстандық боксшының құрметіне "Hublot" швейцариялық компаниясы да өз сағаттарының топтамасын шығарған болатын.

Генадий Головкин Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Афина олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы.2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан. Кәсіпқой рингте ең толағай табыстарға жеткен қазақ боксшысы.  IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы.

Фото: instagram.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу