freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран АҚШ-пен ядролық мәмілеге шарт қойды

Әлем
Иран АҚШ-пен ядролық мәмілеге шарт қойды
Фото: HENGHAMEH FAHIMI/AFP

Иран АҚШ санкцияларды талқылауға дайын болған жағдайда ядролық бағдарламасы бойынша ымыраға келуге әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт-Раванчидің сөзінше, Тегеран үшін басты талап — Вашингтонның санкцияларды алып тастау мәселесін қарастыруға дайын болуы.

«Доп америкалықтардың алаңында. Олар келісімге шынымен мүдделі екенін дәлелдеуі керек», — деді дипломат.

Келіссөздер сейсенбі күні Женева қаласында жалғасады. Алайда тараптардың ұстанымдары әлі де бір-бірінен алшақ.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио президент Дональд Трамп Иран мәселесін дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын, бірақ келісімге келу «өте қиын» болатынын мәлімдеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу