Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы келіссөздерден кейін Израиль Иранға қарсы әскери соққыларды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Израиль билігінің жоғары лауазымды өкілінің айтуынша, шешім Трамптың өтінішіне сәйкес қабылданған. Алайда Ливан аумағындағы операциялар бұрынғы қарқынмен жалғасады. Егер «Хезболла» Израильдің солтүстігіне қайтадан шабуыл жасаса, Бейрут маңына соққылар қайта жасалуы мүмкін.
Осы күні Иран да Израильге қарсы шабуылдарын тоқтататынын мәлімдеді. Дегенмен Иранның «Хатам әл-Анбия» әскери штабы әскери әрекеттер жалғасқан жағдайда, әсіресе Израильдің Ливанның оңтүстігіне соққылары тоқтамаса, бұдан да қатаң жауап берілетінін ескертті.
Сонымен қатар Reuters Ирактың Сүлеймания қаласы маңында күрд оппозициялық күштеріне қарсы екі дрон шабуылы жасалғанын хабарлады. Нысаналардың бірі – Пешмерга базасы, екіншісі – ирандық күрд оппозициялық топтарының лагері болған.
Ал Шахбаз Шариф АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің түпкі мақсаты жақын арада жүзеге асады деген пікір білдіріп, барлық тарапты сабыр сақтауға шақырды.