Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кінәні қазылардан ғана іздемеу керек

Спорт
Кінәні қазылардан ғана іздемеу керек

Кеше ғана бокстан аяқталған Азия чемпионатындағы қатысты әлем чемпионы Болат ЖҰМӘДІЛОВ пікір білдірді. Турнир Қазақстан ұлттық құрамасы үшін сәтсіз аяқталды. Финалға шыққан бес боксшымыздың біреуіде алтынға ие болмады.

«Біздің жігіттер техника жағынан өзбектерге беріп қойды. Қазылар әділетсіз болды деп шулай беруді қою керек. Өзімізден бар. Факт бойынша сөйлеу керек.  Қай боксшымыз таза жеңді? Боксшыларымыз шаршаңқы жүрді. «Плотность боя» жоқ. Мүмкін олимпиада алдында бұл да дұрыс шығар», - деді екі олимпиаданың финалисті Болат Жұмаділов Мalim.kz сайтының тілшісіне.

Дубайда өткен Азия чемпионатында финалға шыққан бес боксшымыз шыққан. Олар: Даниял Сәбит (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Василий Левит (91 келі),   және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі). Бұлардың барлығы күміс жүлде алса,  Сәкен Бибосынов (52 келі) қола жүлдегер атанды

 

Фото: prosports.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу