46 млн теңгемен қашып кетті. Шымкентте алаяққа іздеу салынды

Жыл басынан бері 134 тұрғын осындай схемалардың құрбаны болған

Malim Админ

  • 27.02.2025

Шымкентте интернет-алаяқтар тобы қолға түсті. Үшеуі қамауға алынып, тағы біреуіне іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Malim.kz 24 kz-ке сілтеме жасап.  

 Ол 46 миллион теңгені қалтаға басып қашып кеткен. Қылмыскерлерді құрықтауға алаяқтардың арбауына түскен зейнеткер көмектесті. Қарияға қоңырау шалған алаяқ өзін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырыпты. SIM-картасының жарамдылық мерзімін ұзарту қажеттігін айтып, хабарлама арқылы түскен кодты айтуды сұраған. Ал 10 минуттан кейін жалған полиция қызметкерлері қоңырау шалады. Олар депозиті бар банк есепшоты бұзылғанын айтып, ондағы ақшаны сақтап қалу туралы нұсқаулық берген. Зейнеткер жақын орналасқан банк бөлімшесінен шотындағы барлық ақшасын шешіп, алаяқтардың қолына ұстатып жіберген. Бұл Шымкенттегі интернет-алаяқтықтың жалғыз жағдайы емес. Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері 134 тұрғын осындай схемалардың құрбаны болған.

Жәбірленушілерге өздерін жалған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жалған банк қызметкері және жалған байланыс операторының қызметкері ретінде хабарласып, азаматтарды алдау арқасында аттарына несие рәсімдеп жатыр. Ең кең тараған түрлерінің бірі – WhatsApp әлеуметтік желісінде өздерінің танысы, достары, жақындары арқылы ақшаны қарызға сұрау. Яғни азаматтар басқа жазып жатқан достары, таныстары екеніне көз жеткізбей, өзінің бар қаражаттарын белгісіз шотқа аударып отыр,-дейді Шымкент қаласы ПБ киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Шыңғыс Жайлаубек. 

Фото: pexels.com 

Байланысты жаналықтар

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

18.04.2025

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

17.04.2025

Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев кінәлі деп танылды

17.04.2025

Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кеткен

17.04.2025

Шымкентте "лайк баспайтын" мемқызметкерлер қудаланып жатыр

16.04.2025
MalimBlocks
Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

«Қызғаныш». Жаңөзенде шетелге оқуға түскен жасөспірімді сыныптастары ұрып тастады

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев кінәлі деп танылды

Ол қылмыстық топ серкесі Азиз Батукаевты қамаудан заңсыз босатты деген күдікке ілінген

Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кеткен

30 жастағы айыпталушының шизофренияға шалдыққаны анықталған

Шымкентте "лайк баспайтын" мемқызметкерлер қудаланып жатыр