Ақтауда өлтірілген ММА файтеріне қатысты сараптама қорытындысы шықты

Марқұмның қанынан есірткі табылмаған

Malim Админ

  • 22.11.2024

Ақтауда қыркүйекте өлі табылған ММА файтері Вусал Джафаровтың туыстары сот-медициналық сараптама нәтижелерін жариялады. 

Марқұмның ағасы Гусейн Джафаровтың айтуынша, марқұмның қанынан есірткі табылмаған. Ішкі ағзалардың қатты ыдырап кетуіне байланысты өлімнің нақты себебін анықтау мүмкін болмаған.

Сондай-ақ, сарапшылар дене жарақаты белгілерін де таппаған.

"Химиялық-токсикологиялық зерттеу кезінде қаннан этил спирті - 0,61 пайыз (промилле), ал бүйректен - 1,25 пайыз (промилле) табылды; барбитур қышқылының туындылары, ноксирон, морфин, кодеин, тебаин, наркотин, моноацетилморфин, гидрокодон, дионин, промедол, диазепам, нитразепам қаннан, бауыр мен бүйрек тіндерінен табылған жоқ", - дейді сарапшы.

Еске сала кетейік, бұрынғы ММА файтері Вусал Джафаровтың денесі 20 қыркүйекте Ақтау қаласындағы 3-шағынауданда қоқыс контейнерлерінің жанынан табылған болатын. Денесі қатты ісініп, қарайып кеткен. Осы іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Ашық дереккөздерге сәйкес, Вусал Джафаров 1994 жылдың 10 қаңтарында дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Төрт жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде жеңіске жеткен, үшеуінде жеңілген.

Фото: kz24.news 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

07.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады