Ақтөбеде ЖОО басшысының әйелі студенттерден ақша алып отырған

Алғаш қаражаты 100 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін барады

Мәди Саматұлы

  • 01.09.2024

Ақтөбеде халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің өкілдігі бар. Бұл оқу орнының жетекші маманы алаяқтықпен ұсталды. «Диапазон» жазуынша, Гүлмира Т. студент болғысы келетіндерден оқу ақысын алып, оны өз қалауы бойынша жұмсағаны белгілі болды. 47 жастағы айыпталушының қылмыстық ісінде 25 эпизод бар, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөз материалына қарағанда, ол өзін оқу орнының әдіскері ретінде таныстырып, оқуға түсу үшін қаражатты оның жеке банктік шотына аударуға немесе оған қолма-қол ақша беруге болатындығын айтқан. Осылайша, оған бір жарым миллион теңге төлеген жәбірленушілердің бірі кейінірек университетте студенттер тізімінде жоқ екенін білген. Осындай жолмен алданғандардың алды 100 мыңнан соңы бір жарым миллионға дейін төлеген. Алайда қаражат ЖОО-ға жетпеген.

Алаяқтық жасады деп айыпталушы кінәсін мойындамады. Ол университеттің Ақтөбе филиалын оның жұбайы басқарғанын және ол барлық ақша аударымдары туралы хабардар болғанын, ал жәбірленушілерден түскен ақша отбасын асырауға жұмсалғанын, күйеуі мен оның ата-аналары иемденгенін, оған өзі қол жеткізе алмағанын айтқан.

Сотта айыпталушының күйеуі де жауап берген. Ол әйелінің студенттерден ақша алғаны жөнінде ештеңе білмейтінін, университеттің бас кеңсесінен қоңырау шалғаннан кейін қыруар қарыз пайда болғанын білген болып шықты.

Нәтижесінде сот Гүлмира Т.-ны алаяқтық үшін кінәлі деп тауып, жәбірленушілерге ақшаны қайтаруға міндеттеді және 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Істі облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы қарап, сотталған адамның жазасын бас бостандығынан айырудан 3 жылға пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеуге өзгертті. Сот қаулысында апелляциялық шағымда істі қарау кезінде сотталған адам өкініп, барлық жәбірленушілерге келтірілген залалды өтегені үшін жаза жеңілдетілгенін атап өтті.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025
MalimBlocks
Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған