Атырауда ер адам егіз баласын зорлады деген күдікке ілінді

Балалар бәрінен қорқып, түсініксіз суреттер сала бастаған...

Malim Админ

  • 25.04.2024

Атырауда ер адам егіздерге жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі іске қатысты қосымша сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.

"Не Молчи" қорының мүшесі балалардың анасы "ол күндері ештеңе байқамадым" деп куәлік еткенін айтты.

Әйел 43 жасында ЭКҰ арқылы бір ұл және бір қызды дүниеге әкелген. Ол балалардың өз әкесі сексуалдық зорлық-зомбылық жасағанын хабарлады.

Бұл менің кінәм екенін білемін. Бірақ қылмыскердің жазаланғанын қалаймын, – дейді әйел.

"Мой город" сайтының мәліметінше, балалардың қорқып қалғанын бірінші болып балабақшадағылар байқаған.

Балалар бір-бірін қалдырмай, қолдарын мықтап ұстап алады екен. Бәрінен қорқып, түсініксіз суреттер сала бастаған. Психологиялық сараптама балалардың қиялға бейім еместігі туралы қорытынды жасаған.

Қордың белсенділері Атырау облысының прокуратурасы мен полиция департаментінің басшылығына істі жан-жақты тексеруді талап етіп, шағым түсірді. Құқық қорғаушылар ер адам басқа балаларды да зорлауы мүмкін деп қауіптенеді.

Қазіргі уақытта қосымша кешенді сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижеге сәйкес құқықтық шешім қабылданады, –делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Сайтта Алматы облысында өз қыздарын зорлады деп айыпталған ер адамның қылмыстық ісі бойынша сот басталғаны туралы да жазылды. 

Еске салайық, 2023 жылы көктемде Алматы облысында екі қыз әкесінің 10 жыл бойы зорлап келгенін айтып, шағымданған. Осыдан соң ер адам қамауға алынды. Жәбірленген қыздардың мүддесін заңгер Айман Омарова қорғайды.

Фото: vestikavkaza.ru

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Америкалық ер адам 18 жыл бойы өзіне жылан уын егіп келген

03.05.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

29.04.2025

Алматыда екі ай бұрын жоғалған ер адам аман-есен табылды

28.04.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Америкалық ер адам 18 жыл бойы өзіне жылан уын егіп келген

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Алматыда екі ай бұрын жоғалған ер адам аман-есен табылды