Мұнай компаниясының басшысы қызметкерлерге бөлінген 321 млн теңгені қалтаға басқан

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған

Мәди Саматұлы

  • 03.11.2024

ҚМА «Кезби» компаниясының қаражатты жымқыру және салық төлемеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Кезби» ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы («аса ірі мөлшердегі алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ, 1,5 млрд-қа жуық теңгеге салық төлеуден жалтарды деп күдікке ілінген.

2021 жылы «Кезби» ЖШС «Өзенмұнайгаз» АҚ-пен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттарын жасасқан. Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Алайда, қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартудың орнына жымқырған, деп жазылған агенттік мәлімдемесінде.

Күдікті Е.Кезбаев 2024 жылғы 3 қарашада ұсталған. Қазір жасалған қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Фото: sm.news

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

18.04.2025

Пәтерлер, көліктер, алтындар: Перизат Қайратқа қатысты істің жаңа деректері жарияланды

04.04.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады,

Пәтерлер, көліктер, алтындар: Перизат Қайратқа қатысты істің жаңа деректері жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайратқа қатысты істің жаңа деректерін жариялады