Қызылордада 21 миллион теңге жымқырған мектеп директоры мен есепші сотталды

Ақшаны жымқыруға бас еспеші көмектескен

Malim Админ

  • 07.11.2024

Қызылордада мемлекетке 5 жыл ішінде 21,7 миллион теңгедан астам мүліктік залал келгтірген мектеп директоры мен бас есепші сотталды.

Балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің директоры бюджет ақшасын бас есепшінің көмегімен жымқырған. 

«Бас есепшінің қылмыстық әрекетінен мемлекетке жалпы 21,7 миллион теңгедан астам мүліктік залал келген. Сот отырысында олар тағылған айыпты мойындап, өз әрекетіне өкінетінін көрсеткен. Сотталушы жүкті екенін, асырауында кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші өкілі сотталушылар шығынды толық өтегенін және басқа талабы жоқ екенін көрсетті.

Сот үкімімен сотталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1), 2), 3)-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Ол белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шеттетіліп, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының №2 сотынан.

Мектеп директоры ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабы 3-бөлігі 1),2),3)-тармақтарымен, 189-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен кінәлі деп танылды. 

«Оған аталған кодекстің 58-бабы 3-бөлігінің талабына сай онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шеттетіілді. Оған түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабы 1-бөлігі қолданылды. Он төрт жасқа толмаған балалары бар әйел ретінде жазаны орындау бес жылға дейін кейінге қалдырылды», - деп толықтырды соттан.

Фото: КирТАГ
 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

07.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады