Жамбыл облысында көлік жолаушысы 12 келі есірткімен ұсталды

Тәркіленген есірткі заттарының қара нарықтағы құны - 7 млн теңге

Мадина Қайнарова

  • 26.09.2024

Жамбыл облысында көлік жолаушысынан 12 келіден астам есірткі тәркіленді.

Polisia.kz ақпараты бойынша, «Қарасора – 2024» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Алматы–Қарағанды» автожолының 430-шақырымында Toyota Sienna автокөлігін тоқтатты. Қызметтік иттің көмегімен автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан көліктегі жолаушыға тиесілі жасыл түсті өсімдік заты бар екі сөмке табылды.

Табылған заттардың салмағы 12 келі гашиш және 170 грамм каннабис (20 мың доза) шайыры екені анықталды. Олардың қара нарықтағы құны 7 млн теңгеге жуықтайды.

Күдікті кінәсін мойындап, Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

02.05.2025
MalimBlocks
Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Талғар ауданында атыс болды

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды