Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Заңсыз ойын ұйымдастырған қазақстандық Әзербайжаннан экстрадицияланды

Құқық
Заңсыз ойын ұйымдастырған қазақстандық Әзербайжаннан экстрадицияланды

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған әйел Әзербайжаннан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ҚР Әзербайжандағы елшілігінің көмегімен қазақстандық әйелді заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Республикасынан экстрадициялады. 

"Ол 2023 жылы Алматыда адамдармен алдын ала сөз байласып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, аса ірі көлемде пайда тапты деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған", - делінген хабарламада.

Биыл қаңтарда ол Баку қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды. Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Фото: видеодан алынған кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу