Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда мұнай компаниясы табиғатқа тигізген зияны үшін өтемақы төлеп бастады

Экология
Маңғыстауда мұнай компаниясы табиғатқа тигізген зияны үшін өтемақы төлеп бастады

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы газдың жануына келтірілген залал үшін өтемақы төлеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокурорлары жер қойнауын пайдаланушы – «БузачиНефть» ЖШС газды жағу салдарынан мемлекетке келтірілген 2,2 миллиард теңге көлеміндегі экономикалық залалды өтеуіне шаралар қабылдаған.

Еске салайық, 09.06.2023ж. «Қаратұрын Оңтүстік» кен орнында ұңғыманы бұрғылау кезінде газ-су қоспасының атқылап, одан әрі өртенген еді. Бұл апатты жоюға 6 айға жуық уақыт кетті.

Соған байланысты 17 желтоқсанда мемлекет кірісіне 270 млн теңге алғашқы төлем түскен.

Бұдан басқа, бұған дейін табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша осы апатқа байланысты экологиялық нормаларды бұзғаны үшін «БузачиНефть» ЖШС-ға 362 млн теңге айыппұл салынып, ол толық төленген.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу