Тағы 7 бала, атап айтқанда 6 ұл және 1 қыз Украинадағы отбасыларымен қайта қауышты, деп хабарлайды Malim.kz Ақ үйге сілтеме жасап.
«Бұл өңірдегі балалардың өз отбасыларына қауіпсіз оралуын қамтамасыз ету жөніндегі менің ұстанымым берік», – деді бұл мәселемен айналысып жүрген АҚШ президентінің жұбайы Мелания Трамп.
Оның айтуынша, балалар мен отбасыларды қайта қауыштыруға ұмтылған Ресей мен Украинаның «табандылық танытқан дипломатиялық күш-жігері жоғары бағаланады».
Бұған дейін Дональд Трамптың жұбайы мен Ресей президенті Владимир Путин балаларды қайтару мәселесіне қатысты хабар алмасқан болатын.
Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белова да Украинаға тағы жеті баланың қайтарылғанын мәлімдеп, АҚШ-тың бірінші ханымына алғыс айтты.
«Ол балаларды отбасыларымен қайта қосу жөніндегі біздің үздіксіз іс-шараларымызға қатысып келеді», – деп жазды Львова-Белова телеграм-арнасында.
Халықаралық қылмыстық сот биыл наурызда Львова-Белова мен Путинге қатысты тұтқындау ордерін шығарған. МҚС олардың Украинадан балаларды заңсыз депортациялауға жауапты болуы мүмкін деп санайды.