Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымы Паралимпиадада күміс медаль алған Еркін Ғаббасовты құттықтады.
Министр Жаслан Мәдиев спортшыны алғыс хатпен және «Үздік цифрландырушы» төс белдігімен марапаттады. Сондай-ақ ведомство ұжымы оның ипотекасын жабуға көмектесіп, 7 млн теңгенің сертификатын табыстады.
Айта кетсек, Еркін Ғаббасов 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді.
- Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиададағы оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Еркін - Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының білікті маманы. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы, - делінген министрліктің хабарламасында.
Фото: csp-parasport.kz