Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрсұлтан жеңілді, Айсұлу жартылай финалға шықты

Спорт
Нұрсұлтан жеңілді, Айсұлу жартылай финалға шықты

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Тұрсынов 1/8 финалда германиялық Денис Кудламен кездесіп, қарсыласына 4:1 есебімен жол берді. 

Бұған дейін Токио Олимпиадасына барған төртінші балуанымыз да алғашқы қарсыласынан жеңіліп отыр. Бұған дейін Мейрамбек АйнағұловЭльмира Сыздықова мен Демеу Жадыраев бірінші айналымнан аса алмаған еді.

Біздің балуандарға қарағанда қырғыз елінің балуандарының дайындығы анағұрлым күшті боп шықты. Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі Ақжол Махмұтов финалға шықты. Еркін күрестен Мейірім Жұманазарова (68 кг) қола үшін күреседі.  Ал бүгін әйелдер арасындағы еркін күресте өнер көрсететін Айсұлу Тыныбекова жартылай финалға шықты. Айсұлу еркін күрестен әлем емпионы. Ол 62 келі салмақ дәрежесінде күреседі. Айыр қалпақты ағайындарға сәттілік тілейміз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу