Алматыдағы төтенше жағдайдың 98%-ын өрт құрайды

Арман Қайыпхан

  • 30.09.2024

Бүгінгі таңда Алматыда орын алатын төтенше жағдайлардың 98%-ын өрт құрайды, жыл сайын қалада орта есеппен 600-ден астам  өрт орын алады. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Malim.kz сайтының сауалына жауап беру барысында айтты.

Қала аумағындағы жану мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою Алматы қаласы ТЖД және оның "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ құрылымдық бөлімшесінің жауапкершілігіне кіреді.

Айта кету керек,  Алматы қаласы – өндірістік нысандары көп, тіршілікті қамтамасыз ету, тұрғын алабы, сондай-ақ табиғи парктер бар халық тығыз орналасқан мегаполис.

Қазір Алматы қаласын өртке қарсы қорғауды "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" 20 өрт сөндіру бөлімшелері (бұдан әрі – қызмет) қамтамасыз етіп отыр. Бұдан басқа, Алматы қаласы аумағында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері орналасқан, онда әртүрлі бейіндегі 1,5 мыңнан астам құтқарушы бар. Осы  жылдың тоғыз айында Алматы ТЖД гарнизонының, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының және ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары  оқиғалар орнына 3 мыңнан астам шұғыл шығу жүзеге асырылған, ТЖ орындарынан 300-ден астам адам эвакуацияланып, 160-тан астам зардап шеккен адамдарға көмек көрсетті, ең басытсы  711 адамның өмірі құтқарылды!

Атап өту қажет, Алматы қаласында тек ТЖД қызметкерлері емес, әкім өкімімен құрылған азаматтық қорғау жүйесі жұмыс істейді. Оның құрамына 33 мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар базасында ұйымдастырылған 17 азаматтық қорғау қызметтері кіреді. Азаматтық қорғау қызметтерін құрамына 13 370-тен астам адам және 4060 техника бар. ТЖ салдарын жоюға тартылатын ТЖД күштері мен құралдары ТЖ ауқымына қарай, сондай-ақ табиғи маусымына байланысты қалыптастырылады. Ірі ТЖ туындаған жағдайда, мысалы, қатты жер сілкінісі кезінде, олардың барлығы халыққа көмек көрсету жөніндегі міндеттерді орындау үшін өздерінің техникалық және адами ресурстарын бірыңғай үйлестірумен бірлесе жұмыс атқарады. Алматы қаласы әкімшілігінің базасында "Құтқару қызметі-109" әкімшілікке бағынысты коммуналдық мекеме құрылған. Ол азаматтық қорғау бөлімшелері бірінің қызметін атқарады.

Сондай-ақ департаментке қарасты автопаркті жаңарту мәселелері әкімдіктің қолдауымен жыл сайын жүйелі негізде шешіліп келеді.

 

Фото: Алматы қаласы ТЖД

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды