Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті қайтадан түрмеге қамалды

Әлем
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті қайтадан түрмеге қамалды

Сот өткен жылдың желтоқсан айында әскери жағдай енгізу әрекеті үшін Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді қамауға алу туралы ордер берді, деп хабарлайды Yonhap. 


Сеул орталық аудандық соты бұрынғы президент айғақтарды жойып жіберуі мүмкін деген алаңдаушылық білдіріп, арнайы прокурор Чо Ын Соктың өтініші бойынша ордер шығарды.

Чоның командасы бес негізгі айып бойынша, соның ішінде Юн Сок Ёльдің 3 желтоқсанда әскери жағдай жарияланғанға дейін өткен жиналысқа тек кейбірін ғана шақырып, министрлер кабинеті мүшелерінің құқықтарын бұзды деген айып бойынша ордер сұрады. Юн мен оның адвокаттары тыңдауға қатысып, барлық айыпты жоққа шығарды, содан кейін бұрынғы президент тергеу изоляторына жеткізілді.

Бұл Юн Сок Ёлдің екінші рет тұтқынға алынуы. Біріншісі қаңтарда, ол әлі президент болған кезде болды, бірақ кейін сот қамауға алуды алып тастау туралы өтінішті қанағаттандырып, наурызда оны босатып жіберді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сеул полициясы ордер бойынша шешім жарияланғанға дейін қаланың оңтүстік бөлігіндегі сот ғимаратының айналасына 2 мыңға жуық офицер мен 350-ге жуық техниканы, соның ішінде қорғаныс бөгеттерін орналастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, арнайы прокурор Чо Ын Сок Юн Сок Ёльді тұтқындауға ордер беру үшін тағы да сотқа жүгінді.

Фото: «Гражданская сила»

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу