«4 әйел алғым келеді». Рүстем Жүгінісов барша ер адамдардың атынан мәлімдеме жасады

Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді

Сабина Асқарқызы

  • 13.05.2024

Дінге бет бұрғаннан кейін өнерден кеткен экс-әнші Рүстем Жүгінісовтің көп әйел алуға қатысты сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші 4 әйел алуды қалайтынын айтып, басқа да ер адамдардың атынан көп әйел алуға қатысты пікірін білдірген.

Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Оның ішінде өзім де бармын. Қалған 5 пайызы «бір әйеліме шүкір, жетеді, көп әйел алуға әлі дайын емеспін» деп ойлап жүрген шығар. Әр еркек көп әйел алғысы келеді деп ойлаймын. Мен 4 әйел алғым келеді, – деді ол.

Қоғамда көп әйел алуға қатысты пікір жиі талқыға түседі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысында өткен Ұлттық құрылтайда айтқан болатын. Президент көп әйел алушылықты насихаттайтындарды қатаң сынаған.

Елімізде қыз алып қашуды, көп әйел алуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс, – деген болатын Мемлекет басшысы.

Рүстем Жүгінісов әйелі Айжан Жүгінісова екеуі екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Жұбайы да өнер жолынан кетіп, хиджаб киген.

Фото: instagram.com/zhugunussov

Байланысты жаналықтар

Асқар Жұмаділдаев есептің жауабын тапқан адамға 1900 доллар бермек

16.02.2025

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

16.02.2025

Шерзатты өлтірді деген күдіктілер түрмеде туған күн тойлап жүр

16.02.2025

Табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды

16.02.2025

Атбасар түрмесіндегі азаптау: Прокурорлар сот шешімімен келіспеді

16.02.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

15.02.2025
MalimBlocks
Асқар Жұмаділдаев есептің жауабын тапқан адамға 1900 доллар бермек

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Шерзатты өлтірді деген күдіктілер түрмеде туған күн тойлап жүр

Табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды

Атбасар түрмесіндегі азаптау: Прокурорлар сот шешімімен келіспеді

Роман Скляр жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды