Астанада «Спортқа тәуелділікті айырбаста» акциясы өтті

Спортшылар қала тұрғындарына құрамында никотині бар құрылғылардың зияны туралы айтты

Олжас Қасым

  • 10.06.2024

Бүгін  елордадағы Қаламгерлер аллеясында «Спортқа тәуелділікті айырбаста» акциясы өтті. Шараның ұйымдастырылуына Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы, сондай-ақ, «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің апараты, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы  мұрындық болды. Байыпты бастамаға Еркін күрестен Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы Абзал Өкенов және басқа да спортшылар қолдау білдіріп, жастарды саламатты өмір салтына шақыруға үн қосты. Акцияның негізгі мақсаты-қала тұрғындарының вейпқа тәуелділігін төмендету.

«Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Сұлтан Батырханұлының айтуынша, мұндай акцияның өскелең буынға тигізер көмегі көп.

«Электронды темекіні спорттық тауарларға ауыстыру бойынша акцияны Байқоңыр ауданында өткізіп жатырмыз. Шара арқылы жастар арасында электронды есірткінің зиянын көрсетуді мақсат етіп отырмыз. Науқан ай сайын аудан саябақтарында болады. Бүгін 40 шақты  спорттық құрал алып келдік. Шамамен 15 адамды спортқа баулысақ деп отырмыз. Астана қаласы Сарыарқа, Есіл, Нұра, Алматы, Байқоңыр аудандарын қамтыдық, онымен шектелмейміз, жалғаса береді».

Науқанға белсенді түрде қатысқан азаматтарға секіргіш, қол және иық эспандерлері, бокс дулығалары, теннис жиынтықтары сыйға берілді. Ұйымдастырушылар сыйлықтарды ұсына отырып вейптар мен снюстердің орамдарын алмастырды. Спортшылар қала тұрғындарына құрамында никотині бар құрылғылардың зияны туралы айтты.

«Шараға жастарды спортқа қызықтыру мақсатында келіп отырмын. Баланы жастайынан спортқа баулу – көп мәселенің алдын алады, бастысы, дұрыс бағыт бергіміз келеді. Адам ортасына қарай өседі, жақсы ортада болу үшін бағыт дұрыс болу керек. Спорт - адамның жаны мен тәнінің тәрбиешісі. Акция жайлы естігенде қуандым, алдағы уақытта осындай шаралар көп болса екен, әрдайым қолдауға дайынбыз», - дейді Абзал Өкенов. 

Айта кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында есірткі мен қазақстандықтардың денсаулығына зиянды басқа да заттардың зияны туралы айтты.

«Қазіргі уақытта тиісті заңдарға өзгерістер енгізу мәселесі қаралуда. Олар тек вейптарды пайдалану үшін ғана емес, сонымен қатар насыбайды пайдалану үшін де қылмыстық жауапкершілікті қарастырады. Бұл шаралар насыбайға толық тыйым салуға мүмкіндік береді», - деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Астанада автобус отқа оранды

21.11.2024

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

17.11.2024

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

17.11.2024

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

17.11.2024

Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

17.11.2024
MalimBlocks
Астанада автобус отқа оранды

Өрттің себебі анықталуда

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Астана 4 бала көз жұмған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Үй шатыры өрнетіп, шатыр құлаған

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

Өрт 500 шаршы метр жерді шарпыған

Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды

Өрт 500 шаршы метр жерді шарпыған

Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Ал жарылыстан үш адам қаза тапқан