Блогерлер өз еріктерімен салық төлей бастады

Malim Админ

  • 28.02.2025

Мемлекеттік кірістер комитеті кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаларды орындау шараларын жалғастыруда. Бұл туралы комитет баспасөзі хабарлады.

Осы шаралар барысында 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі.

Бүгінгі таңда барлығы 854 блогерге «кірісті төмендету» бойынша заң бұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілді.

Орындау мерзімі – 30 жұмыс күні.

Сонымен қатар, 71,9 млрд теңге көлеміндегі айырмашылықтар төленбеген салықтардың сомасы емес екенін атап өткен жөн. Көрсетілген айырмашылық сомалары блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді.

Салықтардың есептелуі мен төленуі салық заңнамасында белгіленген тиісті ставкалар бойынша ұсынылған декларацияларға сәйкес жүзеге асырылады.

Камералдық бақылаудың мәні – салық төлеушіге табыстарын өз еркімен декларациялап, есептелген салықтарды төлеуге немесе анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда түсіндірме беруге мүмкіндік беру», – делінген хабарламада.

Фото: proforientatsiya

Байланысты жаналықтар

"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

25.04.2025

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

25.04.2025

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

25.04.2025

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

24.04.2025

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

24.04.2025

Танымал блогер Daricorn жауапкершілікке тартылды

22.04.2025
MalimBlocks
"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

Әйелі де алаяқтық бойынша істі болған

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

Ол бала күнінен қиялдағанды жақсы көретінін алға тартты.

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

Актриса образымен ерекшеленді.

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

Танымал блогер Daricorn жауапкершілікке тартылды

Танымал блогер Дариға Нұркеева (Daricorn) әкімшілік жауапкершілікке тартылды