Бүгін тойланған Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнінде қанша жұп неке қиды?

Арман Қайыпхан

  • 15.04.2025

15 сәуір – Ғашықтар күні Қазақстанда 500-ден астам жұп некеге отырған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

«Осы күні АХАТ бөлімдеріне неке тіркеуге жарты мыңнан астам өтініш келіп түсті. Ең көп неке тіркелген өңірлер – Алматы, Астана және Түркістан облысы», – делінген хабарламада.

2024 жылдың бірінші тоқсанында ел бойынша 23 мың неке тіркелген.

Қазақстанда неке қиюға өтініш беру бірнеше жолмен жүзеге асады:

  • АХАТ бөлімдеріне тікелей жүгіну арқылы,
  • Электронды үкімет порталы (Egov.kz),
  • Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Мемлекеттік органдар өтінішті бір жұмыс күні ішінде қарап, 15 күннен кейін таңдаған АХАТ бөлімінде неке қию рәсімін белгілейді.

Егер таңдалған күн демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, неке тіркеу келесі жұмыс күніне автоматты түрде ауыстырылады.

Айта кетейік, Қазақстанда 15 сәуір – Ғашықтар күні ретінде 2011 жылдан бастап аталып өтеді. Бұл күннің символдары – ұлттық лиро-эпостық кейіпкерлер Қозы Көрпеш пен Баян сұлу.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

11.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

06.05.2025

Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

01.05.2025

Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

21.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

Жас жұп бұл ерекше сәтке есте қалатын ерекше күнді арнайы таңдаған

Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

2023 жылы елімізде 124 мың жұптың некесі қиылған.