Депутат TikTok-ты шектеуді немесе бұғаттап тастауды ұсынды

Арман Қайыпхан

  • 03.10.2024

Сенатор Геннадий Шиповских әлеуметтік желілерге өз мазмұнын қатаң бақылауды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сенатор Геннадий Шиповских үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Қазақстандағы TikTok әлеуметтік желісін реттеуді күшейту керектігі туралы мәселе көтерді. 

Депутаттың пікірінше, балалардың психикасы мен жалпы денсаулығына теріс әсер ететін, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен деректердің құпиялылығына қауіп төндіретін бейнекөріністер платформада кеңінен таралуда. 

Геннадий Шиповских Франция, Канада, Қырғызстан сияқты көптеген елдер TikTok-ты пайдалануды шектеу жөнінде шаралар қабылдағанын атап өтті.

«TikTok платформасы экстремизмді, радикализмді, сепаратизмді, шектен тыс қауіпті және моральдық құндылықтарға қайшы контенттерді анықтау және шектеу бойынша нақты алгоритмді ұсынуы керек. Сондай-ақ TikTok платформасы жас балаларды онлайн қауіпті контенттен қорғау мақсатында YouTube Kids секілді балаларға арналған арнайы желі ұсынуы тиіс», – деді ол.

Сенатордың сөзінше, 13 жасқа толмаған балалар TikTok-қа ата-анасының телефонынан кірген жағдайда Face ID технологиясы арқылы бұғаттау механизмін қарастыру керек.

«Олай болмаған жағдайда елімізде TikTok платформасын бұғаттауды сұраймыз. Бұл мәселелердің шешімін табу ел азаматтарының денсаулығын және моральдық құндылықтарын сақтап қалуға, сондай-ақ жастар арасында таралып жатқан қауіпті әдеттерді азайтуға бағытталған қадам болмақ», – деді сенатор Геннадий Шиповских.

Фото: Сенат баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты