Экономист Олжас Құдайбергенов қайын атасын 7 жылға соттатып жіберді

Ол қайын атасы оны бопсалағанын және ол құзырлы органдарға арызданғанын айтқан болатын.

Malim Админ

  • 12.04.2024

Экономист Олжас Құдайбергеновтің жары Мөлдір Қабылова әлеуметтік желіде қазақстандықтардан көмек сұрап, үндеу жариялаған, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Мөлдір Қабылова «Немолчи» қоғамдық қоры арқылы отбасындағы жағдайды айтып, көмек сұраған. Олжас Құдайбергенов Ұлыбританиядағы кәмелетке толмаған балаларын алып кетпек болған. Бұл мәселеге әйелінің әкесі араласып, күйеу баласынан шетелдегі пәтердің ақшасын төлеп отыруды сұраған. Экономист Олжас Құдайбергенов қайын атасының үстінен ақша бопсалады деп арыз жазған.

Ұлыбританияның әлеуметтік қызметтері оған және балаларға үйсіздерге арналған баспана берді. Мөлдірдің әкесі күйеу баласы балаларға пәтердің ақысын төлемей, немерелері үйсіз жүргеніне ашуланған, - деп хабарлаған еді қоғамдық қор.

Кейін экономист қайын атасы оны бопсалағанын және ол құзырлы органдарға арызданғанын айтқан болатын. Бүгін соттың бұл мәселеге қатысты шешімі пайда болды. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бопсалау фактісі бойынша К. есімді азаматқа қатысты іс қаралған.  

«К. (қайын атасы) Құдайбергеновтен (күйеу баласы) 20 млн теңгеден астам ақша қаражатын бопсалаған деп айыпталды, - делінген сот шешімінде.

Мөлдір Қабылова Ұлыбританияда жүргенде "Құдайбергенов балаларымды ұрлап әкетті" деп  полицияға арызданған. Жергілікті полиция қызметкерлері Құдайбергеновті қамауға алып, уақытша ұстау изоляторына жапқан.

Сол сәтте қайын атасы күйеу баласының түрмеде отырғанын біле тұра арызды қайтып алу үшін 20 млн теңге  талап еткен. Құдайбергенов бостандығы үшін қорқып, келіскен. Сотта қайын атасының бопсалау әрекеті толық дәлелденіп, ол 7 жыл бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген сот хабарламасында.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

16.11.2024

Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

13.11.2024

Бишімбаев балаларының тегін өзгеруіне келісім берді

12.11.2024

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

12.11.2024

Алданып несие алғандарға көмек көрсетіледі

12.11.2024

LRT экс-басшысы Талғат Арданға қатысты үкім шықты

12.11.2024
MalimBlocks
Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

Оған қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді

Бишімбаев балаларының тегін өзгеруіне келісім берді

Алматыда полицейді пышақтаған адам ұсталды

Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады

Алданып несие алғандарға көмек көрсетіледі

Алаяқтардың ықпалымен жәбірленушілер банктік және микроқаржылық несиені өздері рәсімдейді

LRT экс-басшысы Талғат Арданға қатысты үкім шықты

4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды