Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң: Қаржы министрлігі құжаттың артықшылығын түсіндірді
Енді конкурс шешімі шыққаннан кейін мемлекеттік аудит органдарына шағымдар қабылданады.
Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңның мән-маңызы, цифрландыруға толық көшу және жұртшылықтың қатысуы жөнінде айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Спикер Мемлекеттік сатып алу процесін толық автоматтандыруды және барлық қатысушылар үшін ашықтықты қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңдағы қосымша өзгерістерді түсіндірді.
Оның айтуынша, электронды сатып алу порталы кез келген пайдаланушыға адами факторды қоспағанда, сатып алудың барлық кезеңдерін қадағалауға мүмкіндік береді. Қоғамдық бірлестіктер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтер мониторингте белсенді рөл атқарады, ал жаңа қоғамдық мониторинг институты, әсіресе, ресурстары шектеулі өңірлерде шарттардың орындалуын бақылауды күшейтуге арналған.
(Фото: primeminister.kz)
Мерзімдерді қысқарту, рәсімдерді жеңілдету, яғни белгілі бір кезеңдерді, алдын ала талқылау кезеңдерін алып тастаймыз. Үшіншісі – нәтижелерді қайта қарау. Енді конкурс шешімі шыққаннан кейін мемлекеттік аудит органдарына шағымдар қабылданады. Енді жүйе өзгереді: шағымдарды тапсырыс берушілердің өздері (ұйымдастырушылар) 3 күн ішінде қарайды, бұл жауапкершілік пен тиімділікті арттырады. Төртіншісі – жеткізушілердің жауапкершілігін күшейту. Мердігер жеткізушілер құрылысты бастап, қандай да бір себептермен аяқтамайтын кездер болады. Белгілі бір айыппұлдар қолданылады, бірақ жалпы алғанда олар үшін айтарлықтай жауапкершілік болған жоқ. Сондықтан, біз мұнда тек адал сатып алуға мүмкіндік беру үшін жеткізушілердің жауапкершілігін арттырамыз. Бесінші – отандық тауар өндірушілерді қолдау. Бұл – заңды әзірлеудегі біздің басты мақсаттарымыздың бірі, - дейді Қаржы вице-министрі.
Жаңа заң туралы толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Фото: ortcom.kz