«Ол Тайландтан келген психологқа 10 мың доллар төледі»: Салтанаттың оқылмаған хаты жарияланды

Бірақ түк пайда жоқ.

Malim Админ

  • 17.04.2024

Бүгінгі сотта Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмединадан тағы да жауап беріп жатыр. Ол Салтанатпен әлеуметтік желі арқылы жазысқан хатын оқыды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құрбысы Салтанатпен түнде жазысқан хатын оқыды. Салтанат оған былай деген:

Мен енді не істерімді білмей қалдым. Егер қазір кетіп қалсам, ол «айуан, мен ол үшін бәрін істедім, ал ол рахметсіз кетіп қалды, мені таптап кетті» дегендей әңгімелерді айтады. Ол кейде жақсы сияқты көрінгісі келеді.

Басым ауырып кетті. Енді онымен тұра алмаймын. Мен жалғыз болғым келеді. Бұл адамдар ешқашан емделмейді. Олар психологтарға барып, «өздері керемет, қалғанының бәрі ақымақ» деу үшін барады. Назар мен кісінің мақұлдауын солай алады. Ал екінші рет кеткенім – бітті, соңы! Қайтуға болмайды. Ол мен кешіргенше бәрін жасайды. Кейін мазақ қылып, кек алады. 

Бірақ ол психотерапиядан өтті. Біз Алматыға барып келдік. Екі айда өзінің психологына 10 мың доллар берді. Психолог Тайландтан ұшып келді. Мәскеуліктер. Бірақ түк пайда жоқ. Олар өзгермейді. Менің кеткім келген, бірақ ол қалуым үшін бәрін жасай бастады. Ол маған ұйқы бермейді, өзі де түнімен ұйықтамайды. Мен де түнімен ұйықтамаймын. 

Оның ойы ылғи сандырақ. Менімен сөйлеседі, бірдеңе сұрайды. Тыңдамасам жынданып, айғайлайды. Мен екі тәулік бойы ұйықтамағанымды түсіндіргім келеді. Ол «демек, маған түкіріп қарайсың» дейді. Шынымды айтсам, мен оны аяймын. Ол жаралы адам, ауру. Мен оған көмектескім келген, бірақ мен өз-өзімді өлтіріп тынатын шығармын.

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды