«Өтінемін, көмектесіңіздер»: Алматыда 5 жасар бала көршілер чатына хабарлама жіберіп, анасын өлімнен сақтап қалды

Әйелдің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз.

Malim Админ

  • 24.04.2024

Алматы қаласында 5 жасар бала көршілер чатына анасына көмек сұрап, хабарлама жіберіп, анасын бір өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды CMN сайты.

Оқиға 19 сәуірде сағат 9:55-те 13-қабаттағы пәтердің бірінде болған. Аяқ астынан Гүлмира есімді әйел есін жоғалтып, еденге құлайды. Осы сәтте ұлы Ален анасының телефонын ашып, көршілермен ортақ чатты тауып, «өтінемін, көмектесіңіздер, анам өліп кетуі мүмкін, дәрігер шақырыңыздаршы» деп дауыстық хабарламалар жіберген.

Мұны естіген көршілер дереу жедел жәрдемге хабарласады да, Ален тұратын үйге бет алады. Бала еш үрейленбестен есікті ашып, көршілерді, 20 минуттан кейін келген дәрігерлерді үйіне кіргізеді. Жедел жәрдем келгенде әйелдің есі кіресілі-шығасылы еді. Дереу ол ауруханаға жеткізілді.

Көршілері баланың төтенше жағдайға тез әрекет еткеніне сүйсінді. Олар анасы жазылып келгенде Аленге өздері жиналып сыйлық жасауды ұйғарып отыр.

Әйелдің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз.

Фото: storystaging.motherhood.com.my

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе