Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Полицейлер Қостанай облысындағы су басқан аудандардан адамдарды эвакуациялап жатыр

Қоғам
Полицейлер Қостанай облысындағы су басқан аудандардан адамдарды эвакуациялап жатыр

Polisia.kz сайтының жазуынша, қазіргі уақытта облыстың үш ауданындағы 90 елді мекен мен қыстақтарды полиция күзетіп жатыр. Тәртіп сақшылары мұнда эвакуацияланған тұрғындардың мүлкінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етеді.

Күшейтілген режимде жұмыс істеп жатырмыз. Басты міндет - қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі тұрақсыз су тасқыны жағдайында автокөліктерді қауіпті жол бөліктерінен өткізе алмаймыз, - деді полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

150 полиция қызметкері мен ІІМ Ұлттық ұланының 100 әскери қызметшісі және 49 техника жұмылдырылды.

Департамент базасында жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

Жағдай қиындаған жағдайда полиция қызметкерлері мен техникалардың резерві дайындалды.

Фото: Polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу