Прокурор Алматының бұрынғы бас архитекторын 12 жылға соттауды сұрады
6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

2025 жылдың 6 ақпанында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында Алматы қаласының бұрынғы бас архитекторы Алмасхан Ахмеджановтың ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Прокурор оған 12 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, ал іс бойынша басқа фигуранттарға 6-15 жыл аралығында жаза тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды Власть сайты.
Сот ісі 2024 жылдың 4 қыркүйегінде басталған.
Сотта Алмасхан Ахмеджановтан басқа, жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Ардак Самамбетов, жер пайдалану, қорғау және резервтеу басқармасының бұрынғы бастығы Ерлан Жармұхамбетов, «BAB Assessment» бағалау компаниясының директоры Алмазхан Бакиров, кәсіпкерлер Берік Өскембаев пен Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мұханбеталлы Шалқарбеков те айыпталушы болды. Шалқарбеков «Ақ жол» партиясының мүшесі.
Сот отырысында қалалық әкімдіктің өкілі азаматтық талапты оқыды, жалпы сомасы 6 миллиард теңгеден астам залалды өтеу талап етілді, ал Шалқарбеков пен Өскембаев залалды өтегенін, бірақ кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.
Алмасхан Ахмеджанов сотта бұл талаппен келіспейтінін, онда аталған сомаға қатысты өзінің ешқандай құзыретке ие болмағанын және негізгі жауапкер Алматы қаласының әкімдігі болуы керек екенін айтты.
Жармұхамбетовтың айтуынша, бір эпизод бойынша ақша мәслихат депутаты мен «Атрикс Строй» компаниясының иесі Әміржан Набиевке төленген. Заңгерлер азаматтық талапты қамтамасыз ету және Набиевтің меншігін тәркілеуді сұрады.
Прокурор Ахмеджановты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Ардак Самамбетова мен Ерлан Жармұхамбетовқа да 12 және 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды, ал Бакиров пен кәсіпкерлерге 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ахмеджановтың бірнеше эпизод бойынша айыпталғаны белгілі болды. Оның ішінде «Династия» тұрғын үй кешенін салуға берілген архитектуралық-жоспарлау тапсырмасы мен «River Park» тұрғын үй кешенінің құрылысындағы заң бұзушылықтар, сонымен қатар, медициналық орталық құрылысын салуға арналған жер учаскесінің берілуі туралы эпизод та бар.
Алмасхан Ахмеджанов 2018 жылғы 20 желтоқсаннан 2023 жылы 31 мамырға дейін жер қатынастары басқармасын басқарған.
Фото: Фейсбуктағы жеке аккантынан