Қазақстан мұнайын тасымалдайтын КТК дрон шабуылына ұшырады

Malim Админ

  • 17.02.2025

Каспий құбыр консорциумының «Кропоткинская» мұнай айдау стансасына ұшқышсыз ұшатын аппаратпен шабуыл жасалды. Бұл ақпаратты аталған консорциум баспасөз қызметі растап отыр. Бұл туралы KazInform.kz  хабарлады.

– 2025 жылдың 17 ақпанында Каспий құбыр консорциумының мұнай-көлік нысаны – «Кропоткинская» мұнай айдау стансасы ұшқышсыз ұшатын аппарат шабуылына ұшырады. Лаңкестік соққыны 7 ұшқышсыз ұшатын аппарат жарылғыш заттан бөлек металл зақымдағыш элементтермен жасады. Шабуыл нысан жұмысын бұзып қана қоймай, сонымен бірге станса жедел қызметкерлерін өлім-жітімге ұшырату мақсатымен уақыт жиілігін салып жүзеге асырылды, — делінген консорциум ақпаратында.

Таратылған мәліметке қарағанда, станса қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ. Консорциум қызметкерлерінің жедел әрі ұйымдасқан жұмысының арқасында мұнай төгілген жоқ.

Шығынды бағалау және стансаның жұмысқа қабілетін қалпына келтіру уақытын анықтау үшін оқиға орнына мамандар тобы шықты. 

— Қазіргі уақытта «Кропоткинская» мұнай айдау стансасы істен шығып тұр. Теңіз-Новороссийск құбырымен мұнай тасымалдау аталған мұнай айдау стансасын айналып өтіп, төмендетілген мұнай айдау режимінде жүзеге асырылып жатыр, — деп атап өтеді компаниядан.

Еліміздің Энергетика министрлігінің мәліметінше атап өтуінше, Қазақстан мұнай үшін КТК тарапынан еш шектеу жоқ. Мұнайды қабылдау штаттық режимде жүзеге асырылуда.

«Кропоткинская» мұнай айдау стансасы Кубанның Кавказ ауданында орналасқан және Ресей аумағындағы КТК-ның ірі мұнай айдайтын стасасы саналады. 

Халықаралық консорциумның барлық акционері, оның ішінде АҚШ пен Еуропада компанияларының өкілдері мұнай айдау стансасына жасалған шабуыл және оның салдары жайлы құлағдар етілген.

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан 1 жылда 53,8 млн тонна мұнай тасымалдағаны хабарланды.

 

Байланысты жаналықтар

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

07.04.2025

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

04.04.2025

Мұнай бағасы құлдырап жатыр

04.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 8-ші хат

11.02.2025
MalimBlocks
Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет 64 доллардан арзандады

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

Мұнай бағасы құлдырап жатыр

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы күрт төмендеп жатыр. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден импортталатын тауарларға жаңа кедендік баж салығын енгізу туралы шешіміне байланысты

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 8-ші хат

Қарағандының 15 шахтасын гoлландықтар сатып алған, сoларды сақтап қалды дeп қуанып жүрмiз. Eкiбастұзды да сатып жiбeрдiк. Ал, oлардың бiр жылда өндiрeтiн 50 миллиoн тoнна көмiрiн əр тoннасын 10 дoллардан сатса, бiр жылдың өзiндe 500 миллиoн дoллар түсiрмeй мe? Oлар oсыны көрe, жылына 100 миллиoн дoллар бөлiп oтыр. Бүкiл Қызылoрданың үмiтi бoлған Құмкөлдi дe сатып жiбeрдiк.