Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Қоғам •
Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Бір адамды тергеу изоляторында ұстауға кететін шығын айына шамамен 750 000 теңге. Тергеу мен сот процесстерінің орташа уақыты 3 айдан 6 айға дейін созылады деп есептесек, онда адамды бір іс бойынша қамауда ұстау мемлекетке 6 миллион теңгеге дейін шығын келтіреді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоғарғы соттың ресми сайтында хабарланғандай, қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді. Мәселен,  2021 жылы 2 адам, 2022 жылы 19 адам, 2023 жылы 32 адам, 2024 жылдың 4 айында  6 адам үй қамаққа жіберіліп, электронды білезік тағып жүргені хабарланып отыр.

Күдікті білезікті шешкісі келсе, дереу тергеу органына сигнал түседі. Білезіктің қуаты 11 айға дейін жетеді, ал бір білезіктің құны шамамен 1 млн теңгені құрайды. Бүгінде бір адамды қамауда ұстауға арналған шығын айына шамамен 750 000 теңгені құрайды, яғни 2 айдағы шығын бір электрондық білезіктің құнына тең. Бұл ретте тергеу мен сот процестерінің орташа уақыты 3 айдан 6 айға дейін созылады және адамды бір іс бойынша қамауда ұстау мемлекетке 6 миллион теңгеге дейін шығын келтіретінін атап өткен жөн, - деп хабарлады соттан.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу