Қазақстанда әйел мен еркектің құқығын теңестірмек
Жоба төрт блоктан тұрады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанда ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін теңестіру жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл жоба гендерлік теңдік тақырыбында семинарлар мен форумдар өткізуді, гендерлік стереотиптермен күресуді қамтиды. Сонымен қатар мұнда әкелер форумын өткізу гендерлік ерекшеліктерді ескере отырып қызмет көрсету үшін дәрігерлердің біліктілігін арттыру да жоспарланған.
Мәдениет министрлігі 2024-2027 жылдарға арналған ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету үшін үкіметтің іс-қимыл жоспарының жобасын әзірледі. Жоба төрт блоктан тұрады. Біріншісі білім беру саласына, екіншісі – денсаулық сақтау саласына, үшіншісі – жұмыспен қамту саласына, төртіншісі – неке-отбасы қатынастары мен бала тәрбиесі саласына қатысты.
Жоспар 60 іс-шараны қамтиды, олардың ішінде:
білім беру мекемелерінде гендерлік стереотиптер мен алалаушылықтарға қарсы күрес бойынша ақпараттық түсіндірмелер өткізу;
экономикалық және заң мамандықтары үшін гендерлік курстарды енгізуді пысықтау;
балалардың қосымша білім алуға тең қол жеткізуіне талдау жүргізу;
педагогтерде, білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқытушыларда гендерлік теңдік мәдениетін қалыптастыру;
ерлер мен әйелдердің жоспарлы скринингтік тексерулерінен өту мониторингі және гендерлік талдау;
гендерлік ерекшеліктерді ескере отырып, қызмет көрсету бойынша медициналық персоналдың біліктілігін арттыру;
бұқаралық спорттағы әйелдердің үлесін арттыру бойынша талдау жүргізу;
жалақы бойынша еңбек нарығында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыруды талдау;
әкелерді отбасылық өмірге тарту, балаларды тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
әкелердің өңірлік және республикалық форумын өткізу;
барлық ірі сауда орталықтарында сәбилерді тамақтандыруға және орауға арналған "отбасылық бөлмелердің" ашылуы;
барлық салаларда ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету жөніндегі жобаларды іске асыру;
республикалық телеарналарда гендерлік саясат мәселелері бойынша сюжеттерді тарату;
мансап пен отбасылық өмірде жетістікке жеткен ерлер мен әйелдер арасында "рөлдік модельдерді" танымал ету.
Жоба 29 шілдеге дейін "Ашық НҚА" порталында жария талқылауда болады.
Фото: интернеттен