Қазақстанда екі әуе компанияға айыппұл салынды

Әуе компанияларға жолаушылардың шағымдары жиілеп кетті.

Берік Дәулетов

  • 25.07.2024

Жолаушылар құқығын бұзғаны үшін қазақстандық әуе компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жазғы кезеңде рейстер санының ұлғаюына байланысты ҚР заңнамасында көзделген қызметтерді уақытылы көрсетпеу немесе рейсті кешіктіру кезінде қызметтерді көрсетпеу туралы әуе компанияларға жолаушылардың шағымдары жиілеп кетті. Осыған байланысты Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну бөлігінде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік әуе компанияларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп мәлімдеді Көлік министрлігі.

Мәселен, Алматы – Қарағанды бағыты бойынша рейс кідіртілген кезде қызметтерді ұсынбауға байланысты 11 шілдеде FlyArystan әуе компаниясына әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 567-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Оған сәйкес компанияға 1 000 АЕК айыппұл салынды, –делінген ақпаратта.

Бұған дейін, сондай-ақ Атырау-Алматы бағыты бойынша рейсті кешіктірген кезде тиісті қызмет көрсетпегені үшін биылғы жылдың 24 маусымында SCAT әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл 1 000 АЕК-ті (3 692 000 теңге) құрады.

Фото: BAQ.KZ

Байланысты жаналықтар

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

Қазаэронавигация Air Astana және SCAT әуекомпанияларымен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды

30.04.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

28.04.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025
MalimBlocks
Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр