Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

Алматы бірінші орында: 2023 жылы – 2,3 мың жұп ажырасқан.

Malim Админ

  • 26.03.2024

2023 жылы Қазақстанда 120 900 жұп отбасы құрған, былтырғы жылмен салыстырғанда 6%-ға аз. ranking.kz мәліметінше, бұл көрсеткіш рекордтық деңгейде төмен. Тіпті 2008 жылы халық саны 16 миллионға жетпесе де, ресми түрде 135 мыңнан астам жұп неке қиған болатын.

Былтыр қалаларда тіркелген неке саны 6,4%-ға, 80 мыңға дейін болса, ауылдарда – 5,1%-ға, 40,9 мыңға дейін азайған.

Ажырасу саны да Қазақстан үшін рекордтық төмен көрсеткішке жеткен: былтыр 16,8 мың жұп ажырасқан, 2022 жылға қарағанда 5,3%-ға аз.

Сондай-ақ, қалаларда ажырасу саны бір жылда 5,2%-ға, 12,4 мыңға дейін, ауылдарда – 5,5%-ға, 4,4 мың жұпқа дейін азайған.

Өңірлер бойынша отбасы құрғандар саны жөнінен Алматы алда тұр: 2023 жылы 13,1 мың жұп некелесті және бұл 2022 жылға қарағанда 4%-ға аз. Одан кейінгі орында – Түркістан облысы (11,8 мың) және Астана (10,4 мың). Ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелген – 1,5 мың жұп.

Ажырасу жөнінен де Алматы бірінші орында: 2023 жылы – 2,3 мың, 2022 бір жылға қарағанда 2,1%-ға аз. Одан кейінгі орында – Қарағанды ​​облысы (1,5 мың) мен Астана (1,5 мың). Ең аз ажырасу да Ұлытау облысында тіркелді – небәрі 198.

2024 жылдың 4 наурызында жаңартылған Petrelli Previtera мәліметі бойынша, Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша дүние жүзінде Мальдив аралдарынан кейінгі екінші орында тұр.  Яғни 1000 адамға шаққанда 4,6 болды.

Сарапшылардың айтуынша, еліміздегі ажырасудың негізгі себебі - туыстардың араласуы (61%), моральдық шектеулердің жоқтығы (41%) және ажырасу процесінің жеңілдігі (25%).

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады