Қызылорда облысында әйел егіз сәбиін жарты млн теңгеге сатып жіберген

Арал ауданының тұрғыны жаңа туған егіз баласын сату арқылы пайда табуды көздеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 29.03.2024

Облыстық сот мәліметінше, келіншек өзінің таныстары арқылы балаларды сатып алатын ерлі-зайыптыны тауып, өзара келісімге келген.

Келісім бойынша ерлі-зайыптылар сотталушыға Kaspi bank қосымшасы арқылы дәрі-дәрмек және азық-түлік алу үшін 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында әртүрлі соммада барлығы 60 000 теңге аударған.

2023 жылғы 21 сәуірде сотталушы Д. Қызылорда қаласындағы «Ана мен бала орталығында» егіз баланы дүниеге әкелген. Ерлі-зайыптылар Ж. мен  К. сотталушыны Д.-ны перзентханадан шығуына байланысты егіз балаларымен бірге күтіп алып, Арал қаласына алып барған. Сотталушы Д. өзінің жаңа туған балаларын ерлі-зайыптыларға табыстап, келісім бойынша 200 000 теңгені қолма-қол алып, бас пайдасына жұмсаған, - делінген хабарламада.

Әрі қарай келісілген қаражатты бөліп төлеуге сөз байласып, ерлі-зайыптылар сотталушыға Kaspi bank арқылы 252 000 теңгені және 34 000 теңгені бөлек-бөлек аударған. Осылайша, сотталушы Д. ерлі-зайыптылардан егіз балалары үшін жалпы сомасы 546 000 теңге алған.

Сотталушы нотариусқа жүгініп, егіз балаларды ерлі-зайыптылардың асырап алуына және алдағы уақытта қамқорлыққа алуына келісім берген.

Осылайша, сотталушылар алдын ала сөз байласу арқылы материалдық тәуелділікті пайдаланып, кәмелетке толмаған екі адамға қатысты сату әрекетін жасаған.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өзінің балаларын сатқан сотталушы Д. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 135-бабы 2-бөлігі 1),5),10),12)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ерлі-зайыпты сотталушылар Ж. мен К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 135-бабы 2-бөлігі 1),5),10),12)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, Қылмыстық Кодекстің 55-бабы 4-бөлігі қолданып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды, - делінген хабарламада.

Фото: bashinform.ru

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

19.05.2025

"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

19.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркілеу ұсынылды

"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор