Су тасқыны: Өңірлерге 15 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған

Олардың көмегімен 12 мыңнан астам адам құтқарылды.

Malim Админ

  • 07.04.2024

7 сәуірде республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев салалық министрліктің су тасқыны кезеңінде атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, бүгінде авариялық-құтқару іс-шараларына 5,5 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, сондай-ақ ведомстволық академия курсанттары қатысуда.

Олардың көмегімен 12 мыңнан астам адам құтқарылды. Оның ішінде 290-нан астам тұрғын тікұшақ техникасы арқылы эвакуацияланды. Сондай-ақ 8,5 мың метр арықтар тазаланып, суды бөгеу үшін 115 мыңнан аса қап төселді.

Барлық іс-шараларға полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің ең көп саны жұмылдырылды. Жағдай нашарлаған жағдайда басқа өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылатын болады. Бүгінде республика бойынша құқықтық тәртіпті 15 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қамтамасыз етуде, - деді ол.

39 ауданда зардап шеккен елді мекендер қоршауға алынды. Қараусыз қалған 1 266 тұрғын үй мен басқа да нысандар күзетілуде. Тонау, ұрлық сынды қылмыстарға жол берілмеді. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін 87 уақытша орналастыру пункті ұйымдастырылды.

Жолдағы қауіпсіздік қамтасыз етілуде. Республикалық маңызы бар жолдардың 17 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Су басқан аймақтардан полицияның сүйемелдеуімен арнайы колоннамен 3,5 мың автокөлік шығарылды.

Патрульдік полиция экипаждары халықты ахуал бойынша хабардар етіп, қауіпті ескерту жұмыстарын жүргізуде. Жалған ақпараттың таралуына тосқауыл қою үшін ақпараттық кеңістікті бақылауда.

Сондай-ақ, стратегиялық объектілерді қорғау қамтамасыз етілуде:

70 ауыз сумен жабдықтау объектілері (сорғы станциялары және тазарту құрылыстары);

91 су шаруашылығы (35 су қоймасы, 19 су торабы, 9 бөгет, 6 ГЭС, 22 сорғы станциясы).

Барлық іс-шараларға полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің ең көп саны жұмылдырылды. Жағдай нашарлаған жағдайда басқа өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылатын болады. Ішкі істер органдары су басқан аймақтарында тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді, деп нақтылады спикер.

Фото: Polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

02.04.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2025

Алматыда жігіт қыздардың алдында мүшесін ұстап жүгіріп жүр

19.03.2025
MalimBlocks
Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Алматыда жігіт қыздардың алдында мүшесін ұстап жүгіріп жүр