Су тасқыны: Павлодар облысында төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Қазіргі уақытта ауылдарда жиналған қар суының қалдықтары сорылып жатыр.

Malim Админ

  • 09.04.2024

Павлодар облысында көктемгі су тасқынына қатысты жағдай тұрақталды. Бұған дейін жарияланған табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі алынып тасталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы аймақ басшысы Асайын Байханов мәлімдеді. Ресми мәліметке сүйенсек, өңірде қарғын су салдарынан 38 баспана түрлі деңгейде бұзылған.

Олардың қатарында болған 24 үйдің қожайынына өтемақы төленіп, келтірілген шығын толық өтелді. Қалғанын үй иелеріне төлем осы аптаның соңына дейін беріледі. Бүгінгі таңда қар суынан келер қауіп-қатерлер жойылды. Кеше ғана Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында жергілікті маңызда жарияланған төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Қазіргі уақытта ауылдарда жиналған қар суының қалдықтары сорылып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті, барлық деңгейдегі әкімдік өкілдері мен кәсіпкерлердің бірлескен жұмысының арқасында ондаған елді мекен қарғын судан қорғалды. Осы уақытқа дейін облыс аумағындағы автожолдардың үстімен су өтіп кетудің 11 дерегі тіркелді. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы реттелді. Мен аймақ тұрғындарынан бастан өткерген сынақ үшін кешірім сұраймын. Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан жоюға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін. Алдағы уақытта біз қателіктермен жұмыс жасап, кешенді шараларды қолға аламыз, - дейді аймақ басшысы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта көктемгі су тасқынының екінші кезеңі – табиғат қорғау мақсатындағы су босату жұмыстарына қызу дайындық жүріп жатыр. Аймақ Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларынан тіршілік нәрін қабылдауға дайындалып жатыр. Мамандардың айтуынша, биыл 6,5 млрд текше метрден астам су келіп, Ертіс жайылымының 90%-на жайылады. Бұл – 11 жыл ішінде болмаған көрсеткіш.

Фото: qaj_pavlodar

Байланысты жаналықтар

Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

18.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр

07.05.2025
MalimBlocks
Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Алматыда жер сілкінді

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр