«Таза Қазақстан»: Қарағандылықтар орманға 90 түп қарағай көшетін отырғызады

Көшет отырғызу Қарағанды қаласының 90 жылдығына жоспарланған.

Malim Админ

  • 23.04.2024

Қарағанды облысының қалалар  және аудандарында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгінгі таңда жүзден аса орманшы Кирзавод ауданындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшетін отырғызады. Орманды жаппай қалпына келтіру «Таза Қазақстан»  аясында жүргізіледі.  Көшет отырғызу Қарағанды қаласының 90 жылдығына жоспарланған.

Сонымен қатар қоғам белсенділер мен қала өміріне бейжай қарамайтын азаматтар гүлзарларға, саябақтар мен үйлердің аулаларына көшет отырғызуда.

Қарағандыда белсенділер Майқұдық саябағында "Жастар Аллеясы" атты жаңа аллея ашты. Мұнда 500 көшет отырғызылды.

Акцияға қалалық мәслихаттың хатшысы Алтынтөре Бөкенов қатысып, тұрғындарды қалалық аумақтарды көгалдандыру мен тазалауда белсенді болуға шақырды. Ағаш егу – бұл тек экологияға қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортамызды қорғау мүмкіндігі, өз есіміңізді есиелік ретінде қалдыру, деп атап өтті ол.

Өтемдік ағаш егу аясында Қарағандыда барлығы 3 мың көшет егіледі.

Экологиялық акцияға "Отражение" қоғамдық эко қозғалысының өкілдері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындар қатысты.

Бүгін жастармен бірге Теміртау экологиясын жақсартуға өз үлесімізді қостық. Қаланы көгалдандырумен төртінші жыл қатарынан айналысып келеміз. Біз ағаштарға күтім жасау жауапкершілігін өз мойнына алатын тұрғындарға көшет таратамыз. Үш жылдың қорытындысына сай, желектердің жерсіну деңгейі 90% құрағанын көріп отырмыз. Демек, біздің тұрғындар ағаштарды күтуге жауапкершілікпен қарайды, – дейді эко-белсенділердің жетекшісі Елена Варганова.

Барлығы Теміртауда 5 мыңнан астам ағаш егу жоспарлануда, бүгін 670 ағаш егілді.

Теректер Абай даңғылында да егілді. Қала көшелеріне 150 көшет егілді. Эко шараға тұрғындар белсенді қатысты.

Қарқаралыда 200 қараған, терек және қарағаш көшеттері егілді.

Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда. Жалпы ел болып жүргізіліп жатқан тазалық шарасы 13 мамырға дейін жалғасады. Әр апта белгілі бір атаумен өтеді.  Осы жетікүндік "Жасыл аймақ" деп аталады және ағаш егуге, елді мекендерді көгалдандыруға арналған.

Облыстың қалалары мен аудандарында жасыл желектерлі егу жалғасатын болады.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

Қарағандыда балабақшалардың бірінде өрт шықты

16.01.2025

Қарағандыда түнгі клубта өрт шықты

11.01.2025

Қарағандыда тұрғын үйде өрт шығып, екі бала көз жұмды

09.01.2025

Интернет алаяқтық: қарағандылық күдіктілерден 232 sim-карта мен 2 sim-box тәркіленген

07.01.2025

Қарағандыдағы трассада 800-ден астам көлік жиналып қалды

03.01.2025

Қарағанды облысында 40 адам жолда қалған

28.12.2024
MalimBlocks
Қарағандыда балабақшалардың бірінде өрт шықты

Ғимараттан 82 баланы эвакуациялаған

Қарағандыда түнгі клубта өрт шықты

Аумағы 80 шаршы метрге таралған

Қарағандыда тұрғын үйде өрт шығып, екі бала көз жұмды

Тағы екеуі уланып, ауруханаға жеткізілген

Интернет алаяқтық: қарағандылық күдіктілерден 232 sim-карта мен 2 sim-box тәркіленген

Олар sim-карталарды ауыстырып отырған

Қарағандыдағы трассада 800-ден астам көлік жиналып қалды

Қарағанды облысында 40 адам жолда қалған

Оларды құтқарушылар эвакуациялады