«Төрт әйелі бар имамның үйі». Астанадағы зәулім сарайдың шын иесі анықталды

Әлеуметтік желіде таралған ақпараттың нүктесі қойылды

Сабина Асқарқызы

  • 04.02.2025

Астана тұрғыны Нұрлан Лесбекұлы әлеуметтік желілерде тараған "бас имамның зәулім үйі" туралы ақпаратты жоққа шығарып, аталған үйдің өзіне тиесілі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желіде тағы бір видео жариялап, үйдің шынайы иесін көрсетті.

Мен Нұрлан Лесбекұлы! Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде бұл үй бас имамға тиесілі деген ақпарат тарап жатыр. Бұл – жалған. Бұл менің жеке меншігім, 15 жылдан бері осы үйде тұрып келемін, – деді видеодағы тұрғын.

Осы жағдайға байланысты Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов жалған ақпаратқа нүкте қою қажеттігін айтты. 

Қадірменді қазақ елі. Соңғы уақытта әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа нүкте қоюға тура келіп тұр. Соңғы уақытта имамдар мен ұстаздарға жала жабу белең алып жатыр. Қасиетті Құранда айтылғандай, біреудің ақысын жеу, жала жабу, әділетсіздік жасау – бұл үлкен күнә әрі ақыреттегі ауыр азапқа себеп болатын іс, – деді имам.

Фото: видеодан кадр

 

Байланысты жаналықтар

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

15.04.2025

«Болашақ жарыма түсіндіріп айттым»: Нұрлан Еспановтың ұлы даулы мәселеге нүкте қойды

15.04.2025

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

13.04.2025
MalimBlocks
"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

«Болашақ жарыма түсіндіріп айттым»: Нұрлан Еспановтың ұлы даулы мәселеге нүкте қойды

Ол кінәлі адамды іздеп тапқан.

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

Қазақстанда 800-ге жуық имам жалақы алады