Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөні жария болды

Арман Қайыпхан

  • 23.07.2024

Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек ауысып кетуі мүмкін. Күдікке түрткі болған мәліметтерді журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Malim.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист Арқалық және Атбасар қаласының халқынынан көмек сұрап, Батталова Жанна Бекенова есімді тұрғынға Арқалық қалалық полиция басқарамсы мен «Бармысың, бауырым» хабарының редакциясы іздеу жариялағанын мәлімдеді.

Архив құжаттарынан Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматтың қолхаты табылған. Бұған дейін Жәнібектің анасы болуы мүмкін Жазираның ДНҚ сараптамасы 0 пайыз көрсеткен еді. Редакция Жанна мен Жазираның балалары ауысып кетуі ықтимал екенін алға тартады. Сондай-ақ екі ананың перзенті бір күнде балалар үйіне тапсырылған.

«Біз неге Жанна Батталованы іздеп отырмыз? Жауабы: Табылған мәліметтер арасында Даниярдың фотосы бар. Естеріңізге салсақ, Жәнібектің құжатында анасы деп жазылған «Жазира» былтыр желтоқсанда табылды. Ол әйел 2002 жылдың қаңтарында перзентханаға құжатсыз жедел жәрдеммен барып, босанып баланың есімін «Жәнібек» деп қойып, 4 күннен кейін дәрігерлерге аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, перзентханадан кетіп, сол күйі оралмаған, оны өзі мойындап отыр», деп жазды Қымбат Досжан.

Бұған дейін Жәнібекті асырап алған бельгиялық Валеридің өмірден өткен еді.

Фото: Қымбат Досжанның парақшасынан

Байланысты жаналықтар

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Анасының аяғын уқалаған Ердос Қанаев көпшілікті сүйсіндірді

23.04.2025

Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кеткен

17.04.2025

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

16.04.2025

Шу ауданындағы ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі - комиссия

04.04.2025
MalimBlocks
Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Анасының аяғын уқалаған Ердос Қанаев көпшілікті сүйсіндірді

Өнер иесі анасына арнап жазба қалдырған.

Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кеткен

30 жастағы айыпталушының шизофренияға шалдыққаны анықталған

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

Былтыр 367 мың әйел сәтті босанған, ал пренаталды скринингпен қамту көрсеткіші - 90 пайыз

Шу ауданындағы ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі - комиссия

Жамбыл облысы Шу ауданындағы орталық ауруханада болған ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі. Арнайы комиссия жүкті әйел акушерлердің салғырттығынан қайтыс болды деген қорытынды шығарды