«Жас мамандарға тамаша мүмкіндік береді»

Республика бойынша ең алғашқы резервке 300 жас маман іріктеліп алынды, оның отызы шығысқазақстандық еді. Солардың бірі бүгінде Күршім ауданы әкімінің қызметін атқарып жүрген – Алмат Ақышов.

Malim Админ

  • 30.09.2024

Президенттік жастар кадрлық резервін құру қажеттігін 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында атап өткен болатын. Ол резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтке айналуға тиіс екенін айтты. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен билік пен халық арасындағы өзара сенімді күшейту үшін Президенттік жастар кадрлық резерві жасақтала бастады. Республика бойынша ең алғашқы резервке 300 жас маман іріктеліп алынды, оның отызы шығысқазақстандық еді. Солардың бірі бүгінде Күршім ауданы әкімінің қызметін атқарып жүрген – Алмат Ақышов.   

 

– Алмат Талғатұлы, Президенттік жастар резервіне республика бойынша алғашқылардың бірі болып өттіңіз. Бұл жоба мансабыңызға қалай әсер етті?

– Мен Президенттік жастар резервіне 2019 жылы өттім. Бұл - өте керемет жоба деп ойлаймын. «Әлеуметтік лифт», «меритократия» дейміз ғой, бірақ ол көп жерде орындала бермейді. Сондықтан осы жоба еліне деген сүйіспеншілігі бар, оның өркендеуіне үлес қосамын деген, қызметте өзін жақсы көрсеткен адал азаматтар үшін ұйымдастырылған. Жас мамандарға тамаша мүмкіндік береді. Оған мен өз тәжірибем арқылы көз жеткізіп отырмын. Осы жобаның арқасында әкімдікте талай жақсы лауазымдарда қызмет еттім.

– Кадрлық резервке өтудің маңызы бар ма? Әлде білікті маман жоғары лауазымға өзі де қол жеткізе ала ма?

– Әрине, білікті маман өзі де қол жеткізе алады. Бірақ Президенттік жастар резерві мамандарға тікелей жол ашады, жоғары лауазымға нақты қол жеткізетініне кепілдік береді десе де болады. Сондықтан, менің ойымша, мұндай жобалар аса қажет.

– Резервке өту кезінде іріктеудің ең қиын кезеңі қандай деп ойлайсыз? 

– Жалпы жеті кезең болған. Ең қиыны – бірінші және екінші кезең. Осы кезеңдерде үміткердің математикалық дағдысын тексереді, ұтқырлықты анықтайды. Онда уақыт шектеулі. Мемлекеттік қызметкерлер әртүрлі ғой. Бірақ математикалық, аналитикалық ойлау қабілеті екінің бірінде бола бермейді. Сондай-ақ әңгімелесу кезеңін де қиын деп айтуға болады. Мұнда адами фактор бар. Комиссия мүшелерінің көңілінен шығасың ба, шықпайсың ба - белгісіз. Ол жерде сенің қолыңнан ештеңе келмейді, тек сұрақтарға ғана жауап бере аласың. Шешімді басқа адамдар қабылдайды.


 

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

07.05.2025

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

07.05.2025

Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды

06.05.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды