Жедел жәрдем шақырғаннан мемлекеттік тіл тірілмейді

Malim Админ

  • 26.11.2020

Бір шенеунікті жұмыстан қуғаннан Павлодарда мемлекеттік тіл мәселесі шешілмейді.

Павлодар қаласы әкімі апаратының басшысы Қайыржан ОҢҒАРОВ тіл жанашыры, қоғамдық белсенді Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІГЕ психикалық аурухана жедел жәрдемін шақырғаны үшін қызметінен кетті. Бұл туралы бүгін брифингте облыс басшысы Әбілқайыр СҚАҚОВ мәлімдеді.

Қоғамдық белсенді осы жылдың 29 тамыз күні әкімдікке қаладағы қазақ тілді мектептердің саны аздығын айтып келген. Сондай-ақ, жергілікті медициналық коледжге қазақ топтарын ашу туралы ұсынысын айтқан болатын. Алайда, шенеунік жедел жәрдем шақырып тіл жанашырынан құтылмақшы болыпты.

«Мемлекеттік тіл мәселесі өзекті. Әкімдіктің отырысында біз ол жайлы талқыладық. Руза Бейсенбайтегі бізге өтінішпен келді, бейбіт митингке рұқсат сұрап. Біз рұқсат бердік. Кездесу өтті. Біз барлық ұсыныстарды қабылдадық. Сындарын естідік. Конструктивті дүниелер де айтылды. Қазір мемлекеттік қызметкерлер бұл мәселені қолға алды. Және бұл менің жеке бақылауымда. Әкім апаратының жетекшісі Қайыржан Оңғаров қызметінен кетті», - деді облыс басшысы  Әбілқайыр Сқақов. 

Тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі бір шенеуніктің отставкаға кетуімен Павлодарда мемлекеттік тіл мәселесі шешілмейді дейді МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

«Осы уақытқа дейін жергілікті билік өкілдеріне сегіз келі хат жазыппын. Ол жерде қоғамдық көлік, сауда орталықтары, банктер, мемлекеттік мекемелер т.б жерлерде неге қазақ тілінде қызмет көрсетілмейтіні жайлы айтылған. Заңға сәйкес қызмет екі тілде көрсетілуі керек. Мен тек заңның орындалғанын талап етіп отырмын. Біз құқықтық мемлекет емеспіз бе? Заңның бұзылмауына әкімдіктегілер де мүделі болуы керек қой. Мен Оңғаровқа осы мәселелерді айттым. Ал ол полицияны шақырды, сосын жедел жәрдемді шақырды. Оңғаровты жұмыстан алып мені тоқтатамын деп ойлайтын шығар. Бірақ мен өз конституциялық құқығымды талап ете беремін. Түптеп келгенде Оңғаровпен жеке бас араздығым жоқ. Оны қызметтен алғаннан мемлекеттік тіл мәселесі шешіле қоймайды», - дейді қоғамдық белсенді Руза Бейсенбайтегі. 

Фото: elarna.net

Байланысты жаналықтар

Оралда төбелес кезінде ер адамның құлағын кесіп алған

13.02.2025

"Дубай шоколадын" сатамын деп жұртты алдаған алаяқ сотталды

13.02.2025

Араларында 17 жастағы қыз болған: Талғарда қылмыстық топ ұсталды

13.02.2025

Министр: Су тасқынына сақадай саймыз

13.02.2025

Қазақстанда доллар арзандады

13.02.2025

Ауа райына байланысты бірнеше облыста жолдар жабылды

13.02.2025
MalimBlocks
Оралда төбелес кезінде ер адамның құлағын кесіп алған

"Дубай шоколадын" сатамын деп жұртты алдаған алаяқ сотталды

Араларында 17 жастағы қыз болған: Талғарда қылмыстық топ ұсталды

Министр: Су тасқынына сақадай саймыз

Қазақстанда доллар арзандады

Ауа райына байланысты бірнеше облыста жолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» жабылған жолдардың тізімін ұсынды