Журналистер одағы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Одақ Франция билігін Дуровтың құқықтары мен бостандығын сақтауға шақырған

Мәди Саматұлы

  • 25.08.2024

Қазақстан Журналистер одағы Франция билігін Павел Дуровтың негізгі құқықтары мен бостандығының сақталуын қамтамасыз етуге және аталмыш іс бойынша объективті тексеріс жүргізуге шақырады, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистер одағының мәлімдеуінше, Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуы еркіндік, демократия және сөз бостандығы қағидалары үшін күресетіндердің барлығының алаңдаушылығын тудырды.

Интернет-сайттардың бұғатталуы жиі кездесетін бірқатар елде ресми түрде тіркелген тәуелсіз демократиялық БАҚ-тың үнемі кедергілерге тап болатынын немесе мүлдем жабылып тынатынын айтар болсақ, Павел Дуров негізін қалаған Telegram қазіргі таңда қоғамға объективті және цензурасыз сенімді ақпарат таратудың жалғыз көзі болып табылатынын ескеру маңызды, деп жазылған мәлімдемеде.

Еске салайық, 2018 жылы Павел Дуров өзінің цензураға қарсы түбегейлі ұстанымы үшін Қазақстан Журналистер одағының сыйлығының лауреаты атанды, сондықтан оның ұсталуы демократиясы әлсіз дамушы елдердегі сөз бостандығы мен адам құқықтарына кері әсер етуі мүмкін. 

Франция тарихи түрде бүкіл әлем үшін демократияның берік негізі және жетекшісі болып табылады,  сондықтан Қазақстан Журналистер одағы демократия қағидасына жауап беретін әділ шешім шығаратындай тергеу амалдары объективті түрде жүргізіледі деген үмітте.

Фото: instagram/durov

Байланысты жаналықтар

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

31.03.2025

Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

27.03.2025

Францияда ұсталған Павел Дуров Дубайға оралды

17.03.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

18.12.2024

Макрон Майоттада болған апатқа байланысты ұлттық аза тұту жариялайды

17.12.2024
MalimBlocks
Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан мен Словения президенттерінің келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды

Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

Францияда ұсталған Павел Дуров Дубайға оралды

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

Макрон Майоттада болған апатқа байланысты ұлттық аза тұту жариялайды

Жағдайға байланысты Францияның министрлікаралық дағдарыс тобының отырысы өтті