freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Петропавлда терезеден секірген жасөспірімнің жағдайы ауыр

Денсаулық
Петропавлда терезеден секірген жасөспірімнің жағдайы ауыр

Петропавлда үшінші қабаттан секірген 18 жастағы бозбала бел омыртқасы мен өкшесін сындырып, ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірім бел омыртқасы мен өкшесін сындырып, облыстық ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Ол бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін травматология бөлімшесіне ауыстырылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиеваның айтуынша, науқастың жағдайы әлі де тұрақты ауыр.

"Бірақ өздігінен тыныс алады. Нақты болжам жасауға әзірге ерте. Денсаулығы жақсарса, амбулаторлық емге жіберілуі мүмкін", – деді дәрігер.

Оқиғаға байланысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін 30 шілдеде Павлодарда 34 жастағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секірген. Салдарынан бір жарым жастағы бала ауруханада көз жұмды, ал жеті жастағы бала аман қалып, ұзақ мерзімді оңалтудан өтуде. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу қазан айында аяқталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу