13 белсендіге сот үкімі шықты

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты "тыйым салынған эстремист ұйым жұмысына араласты" деп айыпталған 13 белсендіге үкім шығарды. 13 белсендінің төртеуі 5 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 9 белсендінің бас бостандығы 1 жылдан екі жылға дейін шектелді. Бұл туралы "Азаттық" радиосы хабарлады.
Сот Асхат Жексебаев, Қайрат Қылышев, Абай Бегімбетов пен Ноян Рақымжановты Қылмыстық кодекстің "экстремист ұйымның жұмысын ұйымдастыру" және "экстремист ұйымның жұмысына араласу" баптары бойынша кінәлі деп тауып, бас бостандығынан бес жылға айырды. Олардың қоғамдық-саяси қызметпен айналысуына бес жылға тыйым салынды.
Ал "экстремист ұйымның жұмысына араласу" бабы бойынша жауапқа тартылған Диана Баймағамбетова, Дәметкен Аспандиярованың бас бостандығы 2 жылға, Бақдәулет Әлібеков, Гүлзипа Жаукерова, Нинагүл Жұманиязова, Ермек Қозиев, Марат Құрбанов, Болат Смағұлов, Дархан Уәлиевтің бас бостандығы 1 жылға шектелді. Сот оларға 3 жылға қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салды.
Азаттықтың хабарлауынша, Дәметкен Аспандиярованың шартты жазасы үйқамақта жатқан жаза мерзімінен алынып, бостандыққа шығатын болды. Ал Диана Баймағамбетова қамаудан босатылып, шартты жазасын өтейді. Ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүрген қалған айыптаушылар жазасын толық өтейді.
13 белсендінің үстінен өткен сот соңғы жылдардағы ең ірі саяси процестің біріне айналды. Сот биыл 27 шілдеде басталған. Айып тағылғандардың барлығы Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған "ҚДТ" қозғаласы мен "Көше" партиясының жұмысына араласты делінді.
Фото: Сот процесінен скриншот Азаттық радиосынан алынды. Суретте сотқа тергеу изоляторынан қатысқан белсенділер
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс атқарды?
Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады. Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу мәртебелі оқырман құзырында.
Тайны дела Бишимбаева
В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.